39 ЖЫЛ ҚҰЖАТСЫЗ, АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ ҚАРИЯҒА ПАСПОРТ ТАБЫСТАЛДЫ

181

1985 жылы Өзбекстан ССРі Қарақалпақстаннан Қазақстанға шекара асып, өмір сүру үшін кеткен 1956 жылғы Атажанов Жұманазар Сабурович соңғы 30 жылдан бері Қазақстанда өмір сүріп, шаруашылықта, оның ішінде Алматы облысының Бақанас өңіріндегі балық шаруашылығында, Ұзынағаш өңірінде жылқы малын баққан, түрлі ауыр жұмыс істеген.

Кеңес одағы ыдыраған соң, 1991 жылы Жұманазар Атажановтың азаматтық тіркеуі тәуелсіздік алған Өзбекстан мемлекетінде де және сол кездегі тұрып жатқан Қазақстан мемлекетінің де азаматтығына іліне алмаған. Солай Кеңес одағынан ел тәуелсіздігін алғалы бері соңғы 39 жылда ешбір құжатсыз жүрген. Сонымен қатар, Өзбекстан мемлекетінің заңы бойынша елден шекара асып, 2 жылдан оралмаған өз азаматтарын азаматтықтан шығарып тастауы, одан әрі қиындық тудырған. Яғни Ж.Атажанов Өзбекстан Республикасының да Қазақстан Республикасының да азаматтардың базасында тіркелмей қалған.

Қария 1985 жылдан осы уақытқа дейін, қазіргі Алматы, Жетісу облыстарында қара жұмыс істеп жүріп, қарт болып, күш-жігері кетіп, БОМЖ статусына айналған сәттегі Ж.Атажановты 2014 жылы Жамбыл ауданының полиция өкілдері сол кездегі Алматы облысында алғаш рет ашылған Талдықорған қаласындағы «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әкеліп, орналастырған.

2014 жылдан бері орталықтың заңгерлері, басқа да азаматтар Өзбекстан азаматтығын алып, отанына қайтару бойынша талай жұмыс атқарған. Қарияның тілегі өз отаны Қарақалпақстанға оралуы еді. Бірақ Өзбекстан мемлекетінің заңымен мұндай жұмыстарды жасағанға мүмкіндік шектелді.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап осы атаның жағдайын орталық мамандары «Бармысың бауырым» бағдарламасының еріктісі әрі, осы орталыққа үнемі көмек көрсетіп жүрген Талдықорған қаласының тұрғыны, мем.қызметкер Аманжолұлы Ғазизге жүгініп, құжаттарын рәсімдеу жұмыстары одан әрі қайта жанданды.

Қарияның туыстары Қарақалпақстанның Төрткөл қаласында бауырлары, әпке сіңлілері тауылып, бірақ олардың тарапынан қарияны отбасына қабылдау, оның Ж.Атажанов екенін растайтын куә болуға бас тартқан. Бұл жағдай азаматтықты алдыруға, отанына оралтуға одан әрі қиындатты.

Бұдан кейін, «Бармысың бауырым» бағдарламасының еріктісі әрі, осы орталыққа үнемі көмек көрсетіп жүрген Талдықорған қаласының тұрғыны, мем.қызметкер Аманжолұлы Ғазиз Парламент Мәжілісінің депутаттарына өтініш білдіріп (оның ішінде халықаралық істер комитеті), ҚР Сыртқы істер министрлігі, Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігімен, Көші-қон комитетімен жұмыстар жүргізілді.

Ғазиз Аманжолұлы қарияның Қазақстан азаматтығын алу жұмысында қаржылық қолдаумен Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығының президенті Жанар Нұрмұханова және «Ажар» фабрикасының директоры Баян Ержановаға жүгініп, қаржылай көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, орталық тарапынан заңгер Ардақ Әбдібекова Қарақалпақстанның Төрткөл қаласындағы АХАЖ органдарына, мұрағатқа арнайы барып келіп, сұратқан туу туралы куәлігі және басқа да құжаттарын алып келген.

Орталық мамандары, волонтермен екі жақты жұмысы арқасында Жұманазар Атажанов 2024 жылдың 17 маусым күні «Қазақстан Республикасының  Азаматтығы жоқ куәлігі» деген статуста паспорты беріледі. Қария ҚР қорғауында болмақ. Сонымен қатар, осы құжаттан кейін, қарияға зейнетақы алу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Қариямен құжаттарын рәсімдеу, азаматтық алу жұмысы 10 жылға жалғасты

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз