Масс-медиа өкілдерімен кездесу өтті

211

 Бүгін Талдықорған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Естібаев Нариман Естібайұлы Жетісу облысының аумағында қызмет атқарып жатқан ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті.

Жуырда ғана тағайындалғандықтан бөлім басшысы алдымен өзін таныстырып,шаһардың тыныс-тіршілігін бұқара қауымға жеткізіп отырған журналистерге алғысын білдірді. Ішкі саясат бөлімі қызметкерлері облыс орталығының ішкі саяси тұрақтылығын қамту, ұлтаралық келісімді сақтау, азаматтық қоғам институттарымен тығыз ынтымақтастық орнатуды дамыту бағытында жұмыстар атқарады.Тұрғындар мен атқарушы билік арасындағы алтын көпір іспетті.Бөлім бұқаралық ақпарат құралдарымен де тығыз байланыста еңбек етеді. Сондықтан да БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өткізілетін шаралар туралы ойын жеткізген Нариман Естібайұлы жиналғандарға шығармашылық табыс тіледі.

                                                                                         Өз тілшіміз

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз