Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар МӘМС жүйесіне екі жолмен қатыса алады:
* жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды жеке кәсіпкер ретінде төлеу;
* жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР
ЖК 1,4 еселенген ЕТЖ — дан 5% төлейді. 2024 жылы бұл: (1,4 * 85 000) * 5% = 5 950 теңге.
Егер жеке кәсіпкер есептілікті «нөлмен» тапсырса, бірақ өз қызметін ресми түрде тоқтатпаса, онда ол Салық кодексі талап еткендей жарналарды төлеуді жалғастыруы керек екенін есте ұстаған жөн. Әйтпесе, қарыз пайда болады.
ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІЛЕР
Дербес төлеушілер үшін жарналардың мөлшері мына формула бойынша есептеледі: 5% * 1 ЕТЖ = 4 250 теңге.
Сақтандырылмаған азаматтар МӘМС жүйесінің қатысушысы бола алады, жарналарды дербес төлеуші ретінде келесі 12 айда бірден төлей алады. Бұл жағдайда әр ай үшін төлемді жеке-жеке жүргізу маңызды. Бұл жағдайда өткен айлардағы қарыз, егер бар болса, жойылады.
Сақтандыру мәртебесін келесі жолдармен тексеруге болады:
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
- fms.kz ресми сайты
- Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
- 1414 байланыс орталығы
- Damumed мобильді қосымшасы
- Halyk мобильді қосымшасы
- BCC.KZ мобильді қосымшасы
- Kaspi.kz мобильді қосымшасы
- egov.kz электрондық үкімет сайты – «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.