ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектаев үкімет отырысында елімізде 3,8 млн оқушы білім алып жатқанын, ал биыл мектепті 186 мың бала бітіретінін айтты.
Ал бастауыш сыныпты 374 мың, тоғызыншы сыныпты 341 мың бала аяқтап отыр. «Биылғы оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтағалы отыр. Оның ішінде бастауыш сыныпты 374 мың, негізгі мектепті 341 мың бала бітіреді. Ал 186 мың түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшады. «Алтын белгіге» үміткерлердің саны – 7 704″,- деді ол.
Сондай-ақ министр Соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы 25 мамырда, аттестаттарды табыстау рәсімі 12-15 маусым аралығына белгіленін атап өтті. «Мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шарасы 25 мамырда өтеді. Аттестаттарды табыстау рәсімі 12-15 маусым аралығына белгіленді. 9-шы және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр 11 маусым аралығына белгіленді», — деді ол. Сондай-ақ биыл алғаш рет 5-8, 10-сыныптарда қазақ тілін меңгеруді бағалау мақсатында қазақ тілінде және басқа тілде оқытатын мектептердің білім алушылары үшін аралық емтихан тапсырады.
Дереккөз KAZ.NUR.KZ .