Жарнама мәтіндері заң талаптарына сай ма?

173

Талдықорған қаласындағы сыртқы жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай ретке келтіру мақсатында кезекті зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда,  Қабанбай батыр көшесінде орналасқан «VIOLA» сән салоны, «Строймарт» құрылыс материалдар дүкені, «Taldy Paris» кафесі, «Аптека Заңғар», «Alem Pay» кассалық қызметтер, ИП « А и Сана», «Кәусар» азық- түлік дүкені, «Элит Спорт» спорттық киімдер дүкені, «Стиль» сән салоны, «Креатив» сұлулық салоны, «Сұлу» , «Идеал» сән салондары иелеріне, қызметкерлеріне тауар атаулардың бірінші кезекте мемлекеттік тілде жазылу керектігі түсіндіріліп, бағыт-бағдар берілді.  Көрнекі ақпарат бойынша әдістемелік көмек, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Бірқатар кемшіліктер анықталып, оның  түзетілуі де назарға алынды.

Бұл іске  «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Жетісу облысы «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігі қызметкерлері, тіл жанашырлары жұмыс тобының құрамында  атсалысқанын айтқанымыз жөн.

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз