Көктемдегі кезеңдегі ТЖ жоюға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесін дайындау, сондай-ақ су тасқыны қаупі жағдайында облыс тұрғындары мен аумақтарын қорғауды ұйымдастыру бойынша басқарушылық шешімдерді пысықтау мақсатында 2023 жылғы 2-3 наурыз аралығында «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде.
Оқу-жаттығуларға азаматтық қорғау органдарының бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысады. Оқу-жаттығу шеңберінде қызметтердің өзара іс-қимылы және халықты хабардар ету мәселелері пысықталуда, ал негізгі күш су тасқынына қарсы практикалық іс-шараларды өткізуге бағытталған.
Азаматтардан түсіністікпен қарап, сіздің учаскелеріңізге іргелес жатқан арық желілері мен құбырлы өткелдерді тазарту арқылы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуды сұраймыз.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі