КИЕЛІ МЕКЕН: АУЫЛ ЖАСТАРЫ АКЦИЯҒА АТСАЛЫСТЫ

240

Облыста белсенді түрде атқарылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына әр сала өкілдері, өңір тұрғындары атсалысуда. Осы аптада «Киелі мекен» науқаны әр елдімекенде жалғасып жатыр. Қатысушылардың арасында әсіресе, ауыл жастарының көптігі қуантады.

Бүгін Ескелді ауданы Жалғызағаш ауылында ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш айналасындағы 1700 м2 аумаққа тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға 60 астам адам қатысқан, дені жастар. Олар өңір тазалығына өз үлестерін қосқанын азаматтық борышы санайтынын жеткізді. Сондай-ақ, жастардың мұрындық болуымен Ақсу ауданындағы «Бөрібай батыр» ескерткішінің аумағы да қоқыстан тазартылып, ағаштар әктелді. Сарқан ауданы, Көктерек ауылдық округіндегі «Ұлы Отан соғысы ардагерлері» ескерткіші, «Әулие Көтен Тәуіп» кесенесі, Қарашыған ауылдық округіндегі «Мұқан Төлебаев» бюсті, «Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне» арналған ескерткіштерде тазалық жұмыстары жүргізілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз