Қазақстанда 2011 жылдан бастап сәуір айының 15-і Ұлттық ғашықтар күні ретінде аталып өтіледі. Ел арасында бұл күнді – «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» күні деп те атайды. 15 сәуір қандай да бір құжатта белгіленбеген, сондай-ақ бұл күн ешбір тарихи оқиғаға негізделмеген. Ғашықтар күні көбіне мектептің жоғары сынып оқушылары арасында, колледж және ЖОО студенттері арасында аталып өтеді. Ғашықтар күнінің Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні деп аталуының өзіндік себебі бар. Өйткені қазақ халқында бұл қос жұп – мәңгілік махаббат пен кіршіксіз сезімнің символы болып қала бермек.