Қала тазалығына үлестерін қосты

86

Бүгін Талдықорған қалалық көпсалалы аурухананың қызметкерлері аурухананың айналасы мен оған жақын аймақтарды қоқыстан тазалап, қаланың тазалығына өз үлестерін қосты. Бүгінгі шараны медицина қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде іске асырды.

Естеріңізге сала кетсек, елімізде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы бастау алды. Апта сайын табиғатқа көңіл бөліп, белгілі бір тақырыппен шара өткізіледі.

Бірінші аптада “Таза өлке” деген тақырыппен тұрғындар, мекеме қызметкерлері өз аула-жайын тазартады. Екінші апта “Киелі мекен” апталығы кезінде қала аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің маңайын абаттандырады.

Ал “Жасыл аймақ” апталығында ағаш егу жұмыстары жүргізіледі. Жас буын “Өнегелі ұрпақ” апталығы кезінде ардагерлер мен Қарттар үйінің ауласын жинап, көмектеседі. Ал соңғы аптада “Мөлдір Бұлақ” тақырыбымен өзен-көл жағасы тазартылады деп жоспарланып отыр.

#7su #clean #KM
#тазақазақстан #тазақалаталдықорған #акция #сенбілік

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз