Тазалық-табалдырықтан басталады”, сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін облыс, қала әкімдеріне әр елді мекенді абаттандыру, көгалдандыру туралы тапсырма жүктеді. Табиғат-Анамызды қорғауымыз керек, оған жанашырлық танытып, арық бойын, тоғандарды қоқыстан тазартуымыз керек. Қыс ызғары кетті, көктемгі жұмыстарды бірлесе атқарғанымыз жөн. Әркім өз ауласын, бау-бақшасын қолға алсын. Тазалық денсаулықтың да кепілі.
Аймағымызда өтіп тұратын сенбілікке бәріміз де атсалысуымыз қажет. Кей аймақта орын алған топан су ауыл айналасында арықтың болмауы, не болмаса қоқысқа толып қалғандығынан болғандығы анық. Сондықтан да, әркім өзі тұратын аймағының тазалығына, көгалдандыруға атсалысуы тиіс деп ойлаймын.
Марат Какимұлы, Талдықорған қаласының тұрғыны