Тәлімгер мен жас маман тандемі

255

Талдықорғанда мектепте тәлімгерлік үдерісті жетілдіру мақсатында облыстық «Педагогикалық тандем» жәрмеңкесі өтті.

  Іс-шараның ерекшелігі сол, білікті ұстаз бен жас маман арасындағы шыығармашылық байланысты ашып көрсетеді. Бұл білім додасына ұытқы болған облыстық білім басқармасына қарасты «Әдістемелік орталық».

Жәрмеңкеге жалпы орта білім беру ұйымдарынан 12 тәлімгер мен педагогикалық  өтілі 3 жылдан аспаған 12 жас маман қатысты. Алғашқы кезеңде оқу үрдісі,  тәрбие үрдісі бағытындағы жұмыс ұсынылып,  қатысушылар ықшам сабақ, шағын тренинг, шебер-сынып, ортақ жұмыс жүйесі таныстырылды. Сондай-ақ қатысушылар10 минут ішінде ортақ проект, т.б жұмыс  түрлерін бетпе-бет аудиториямен жүргізді.

Екінші кезеңде импровизациялық тапсырма орындап, 3 минут ішінде аудитория  алдында  берілген  тақырып бойынша тапқырлығы мен сөйлеу шеберлігін көрсетті. Нәтижесінде I орынға«М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейінен келгенАйнагул Кенесбаева менМағжанҚожагелдінов ие болды. Одан кейінгі II орынды «Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының ұстаздары МұратбекАсығат пен Бауыржан Дюсембаев қанжығалады. Ал III тұғырға алакөлдік Қабанбай батыр орта мектебінен Меруерт Бекенова мен ЕркежанЕсетқызы және  ескелділік  Ш.Уәлиханов мектебінен ЕсболЕсбосынов пен СалтанатЖұманова көтерілді.

 Қазылар алқасының шемімімен  «Шығармашыл тандем» номинациясына сарқандық Сара атындағы мектептенҚорлан Жексенбекова мен БақытЧадаева,«Үздік педагогикалық ынтымақтастық» номинациясына көксулық Р.Толқымбекұлы атындағы  орта мектептен Гульнар Абдрахманова мен БағнұрДәулетхан лайық деп танылды. Қалған қатысушылардың бәріне Алғыс хаттабысталды.

 

Мұхтар Күмісбек

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз