«Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша қаржылай сауаттылық курстары

188

Екінші деңгейлік банктердің тұтынушылары назарына!
Сіздерді «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыруға шақырамыз. Халықты қаржылық сауаттылыққа оқыту 2024 жылдың 1-26 сәуір аралығында өтеді. Оқыту 5 күнге созылады. Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюджет жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, қаржылай тәуелсіз болуды, депозиттер мен қаржылық жоспар құруды үйренесіз. Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында заңгердің көмегін алу мүмкіндігі бар. Оқыту толығымен тегін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз