Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді

177

1 сәуірден бастап  Оқу-ағарту министрлігімен Ұлттық білім беру деректер қорында педагогтерді мектепке жұмысқа қабылдау бойынша жаңа модуль іске қосылады, деп хабарлайды басқа ақпараткөздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz

Оқу ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы және конкурстық рәсімдерді ашық өткізуге бағытталған.

Сондай-ақ педагогтерді аттестаттауда құжаттарды тапсыру бойынша да автоматтандыру енгізілуде. Енді педагогтердің барлық мәліметі «Педагог портфолиосы» модулінде жинақталады.

Мұнда педагог туралы, оның білімі, денсаулық жағдайы, жұмыс тәжірибесі, құқық бұзушылықтар, аттестаттаудан өту, марапаттары және тәлімгерлік пен цифрлық құжаттар туралы электрондық ақпарат сақталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз