Баталы ел арымас, батасыз ел жарымас демекші, қала басшысы Ернат Дүйсенбекұлы қаламызда тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерін арнайы барып Амал мерекесімен құттықтады.
Ең алдымен қала басшысы ғасыр жасаған Хусаинов Ысқақ атамыздың шаңырағында болып, көрісу күнімен құттықтап, шапан жауып, сый-сияпатын тарту етті. Бұдан кейін, Қаңтарбай Сәрсенбай атамызбен Чектыбаев Төлеубай ақсақалдың шаңырағында да болып сый-құрметін көрсетті.
Ғасыр куәгерлері елдің, жердің амандығын тілеп, батасын беріп, ақ жарма тілегімен жалғады.
«Біз дана халқымыздың игі дәстүрін одан әрі жалғап, келер ұрпаққа дәріптеу керекпіз. Сіздердің сара жолдарыңыз бізге үлгі өнеге. Бүгінгі Көрісу күні Амал мерекесіне орай өздеріңізді құттықтау мен үшін үлкен мәртебе», — деді қала әкімі.
Айта кетейік, талды қаламызда 26 мыңнан аса ардагер бар болса, соның үшеуі Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі