«Жетісу-кітап керуені» жобасы аясында Кербұлақ аудандық кітапханасына «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен Жетісу облысы әкімінің қолдауымен және басқа баспалардан жарық көрген кітаптардың 100 данасы сыйға тартылды.
Іс-шараға Кербұлақ ауданының ақын-жазушылары, ардагер әжелер, зиялы қауым өкілдері қатысып, ақын Амандос Елтайұлы мен Мергүл Асылханованың «Амандос және мен» атты кітабының тұсауы кесілді. Амандос Елтайұлы өз өлеңдерінен үзінді оқып, жиналған қауымға тарту етті. Шара барысында Кербұлақ аудандық кітапханасы да Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне 80 дана кітап сыйға тартты.