Ұлы Абай: «Адам ата — анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы мен жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. (19-ы қара сөзінен) «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» ұлы ақын атамыз Абай айтқан екен. Адамзат – бүкіл адам баласы деген сөз. Адамды сүю адам танудан басталады. Адам тану – адамзат арасындағы қарым – қатынас мейірімнен басталады. Ал адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік қайырымдылық – ең әуелі әркімнің отбасынан басталады. Әр үйдің ішіндегі адамдар сол отбасының мүшелері болып саналады.
Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінде «Тәрбие бастауы — отбасынан» тақырыбында 13-17 ақпан аралығында ата –аналармен ашық есік күні апталығы өтті. Апталықтың мақсаты бала өміріне жауапты басты тұлға ата –ана екенін түсіндіре отырып, бақытты жанұя моделін дайындау.
Апталық аясында «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты интеллектуалды ойын, құқық бұзушылықтың алдын алу «Мейірімділік әлемі» тақырыбында коучинг, «Баланың бас ұстазы – ата -ана» коучинг, «Бақытты жанұя» модлелі психологиялық жаттығулар жоспар бойынша апта бойында ұйымдастырылды. Аптаның сәрсенбі күнінде ашық есік күні ата –аналар сабаққа қатысып, тәрбие сағатын барлық сыныптарда ата-аналар өздері өткізді. Апталық өте тартымды, қызықты өтті. Күн сайын өтіп жатқан іс-шараларға ата –аналар тарапынан кері байланыс жасалып қорытындыланды. Көбіне ата — аналар тарапынан түскен ұсыныстар осындай апталықтардың жиі ұйымдастыруын қалады.
Мектеп басшысы Еркінбеков Ерлан Сатайұлының басшылығымен ұйымдастырылған іс –шаралар күннен күнге жалғасын таба берді. Мектеп басшысы мен мектептің ұйымдастырушы ұстаздары, мектеп психологтары ата –аналардың басты көтеріп жүрген проблемалық сұрақтарының жауабын таба алды. Ата-ананың бала тәрбиесіне деген отбасындағы қарым – қатынас, мәдениет, бақытты жанұядағы сыйластық, адамгершілік, инабаттылық, ынтымақ пен бірлік, татулық пен ұйымшылдық, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу бірлескен жұмыстың нәтижесі екендігін көрсетеді.
Мектеп ұстазы: Мухаметкалиева Кубыл Амантаевна