Әйел барда – әлем бар

113

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында өңірдегі қыз-келіншектерді құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Салтанатты шараға   еңбек ардагерлері, көпбалалы аналар мен әр салада еңбек етіп жүрген  қарапайым нәзік жандылар қатысты.

Ернат Дүйсенбекұлы «Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының жылуы, береке-бірлігі. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына Сіздер мол үлес қосып келесіздер. Бүгінде әйелдер қауымының отбасындағы, қоғам өміріндегі және мемлекетті жан-жақты дамыту ісіндегі рөлі орасан зор. Бүгінгі мерекеде адал еңбегі, жасампаздығы мен отаншылдығы үшін барша ардақты аяулы жандарға шынайы алғысымды білдіремін»-деп бірқатар аналарды Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес «Алтын» және «Күміс» алқа наградаларымен марапаттап,  Құрмет грамотасы мен Алғыс хат табыс етті. Олардың қатарында төл басылымымыздың қызметкерлері Сәуле Мускенова мен Айгүл Смағұлова  бар. Айта кетейік, мерейлі мереке  жер бетіне тіршілік нәрін сепкен, жақсылық пен ізгіліктің символы іспеттес  жандарға өлшеусіз құрмет пен ризашылықты жеткізу тосынсыймен жалғаспақ. «Жастар» саябағында «Әлемнің мәні әйелде» атты өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылып, нәзік жандылар қауымына 1000  тал гүл шоқтары табыс етіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз