Дінтанушы ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөліне тоқталды

209

«Даналық мектебі» жобасы аясында мектеп әкімшілігі мен «Әдеп және құқық» менторы Б.Қуанышбаевтың ұйымдастыруымен жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

 Б.Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп-лицейдегі шараға Жетісу облысы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ-нің дінтанушы теолог-маманы, психолог Мүтебаев Қанат Маратұлы қатысып, «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі», «Бақыттың кілті неде?» тақырыптарында ТЕД-Х форматта ашық алаң негізінде болды.

Шара барысында Қанат Маратұлы мән-мағыналы видеороликтер арқылы ұлттық құндылықтар, отбасындағы тәлім-тәрбие, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас пен түсініспеушілік және оның балаға кері әсері, өмірдің маңыздылығы, бақытты сәттері мен сәтсіздіктері туралы, бақытты болудың және қиындықтардан шығу жолдары туралы өз ойымен бөлісті. Шара соңында мектеп директоры Салтанат Бейсенбайқызы және қатысқан ата-аналар өз алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз