Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз

1680

Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен  жуырда №12 орта мектеп-гимназияның  базасында «Жаңа мектепке–жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

«Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, инновациялық  белсенділіктерін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында аталған шара ұйымдастырылды. Бұл  қалалық сынға шаһар мектептерінен   21 жас маман қатысты.  Бірінші кезеңде қатысушылар «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазып, ал  2 кезеңде — «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында 5 минут  ішінде  қатысушылар өзін таныстырып, мамандығына деген көзқарастарын ұсынды. Ал, сынның үшінші кезеңінде  қатысушылары  бейтаныс сыныпта «Ашық сабақ» өткізіп, өзара бақ сынасты»,- дейді  қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері М. Садуақасова.

Қалалық «Жаңа мектепке– жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI республикалық байқауының  қорытындысы бойынша   Б.Жолбарысұлы атындағы  №18 орта мектеп-лицейінің  жас маманы    Айдана  Құрманбаева  1-орынды иеленді. Ол  байқаудың  облыстық кезеңіне жолдама алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз