Жетісу облысының дәрігерлері шалғай аудандарды аралады

394

Талдықорған қаласындағы  облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері  облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандық ауруханаларға барып, стационарлық ем қабылдап жатқан балалардың жағдайымен танысты.  Ақсу, Сарқан және  Алакөл аудандық ауруханаларына барған ақ  халаттылар жағдайы ауыр пациенттерді емдеу әдісін бақылап, кеңес берді.

Аталған аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері  Қамбар Стыбаев: — Біздің мақсатымыз — аудандық ауруханада ем қабылдап жатқан кішкентай сырқаттарға көмек көрсету және әріптестермен өз тәжірибемізбен бөлісу, кеңес беру. Пандемия кезеңінде тек zoom желісінде кеңес берсек, қазір тікелей науқастардың жағдайымен танысып, емдеуге мүмкіндік бар, — деді.

Дәрігер  Қамбар Дулатұлы аймақтағы тәжірибелі мамандардың бірі. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына арнайы шақыртумен келіп, жұмысқа кіріскен маман осы уақытқа дейін Алматы қаласындағы балалар шұғыл медициналық жәрдем  орталығында  анестезия, жан сақтау және  қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі болып 16 жыл қызмет істеген. Енді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бірқатар мамандары Қамбар Дулатұлының қатысуымен өңірдегі  өзге де аудандық ауруханаларға барып, ем жүргізуді жоспарлап отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз