Қаржылық сарапшыларды жалдау туралы хабарландыру

238

 

Мемлекет басшысының «Қарызсыз қоғам» жобасының тәжірибесін тарату жөніндегі тапсырмасына сәйкес, халықтың қаржылық сауаттылығын оқыту еліміздің барлық өңірлерінде және республикалық маңызы бар қалаларда жүргізілетін болады.

«AMANAT» партиясы жанындағы жобаның Орталық жобалау кеңсесі халықты оқытуды жүргізу үшін қаржы сарапшыларын жалдау туралы хабарлайды.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптар:

— қаржы және экономика саласында жоғары білімнің болуы;

— бизнес-жаттықтырушы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;

— Excel-де қаржылық модельдер құра білу;

— қазақ және орыс тілдерін еркін білу;

— ауыл тұрғындары үшін тренингтер өткізу тәжірибесі кемінде 1 жыл;

— екі ұсыныс хат.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 8-19 қаңтар аралығында өтеді. Барлық құжаттарды емайлға жіберіңіздер: kzulydala@gmail.com

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз