Жарналарын мемлекет төлейтін жеңілдік санатына кіретіндер:
-18 жасқа дейінгі балалар;
-Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
-Баланы үш жасқа толғанға дейін тәрбиелейтін жұмыс істемейтін адамдар;
-Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға немесе асырап алуға байланысты, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы адамдар;
-«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
-Мүгедек баланы күтетін жұмыс істемейтін адамдар;
-Бала кезінен мүгедектерге күтім жасайтын адамдар;
-Мүгедектер;
-Зейнеткерлер мен екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері;
-Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын адамдар;
-Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
-Жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
-Жұмыс істемейтін оралмандар;
-Ең төменгі қауіпсіздіктегі мекемелерді қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімімен жазасын өтеп жатқан адамдар;
-Тергеу изоляторларында отырған адамдар.
Сіз өзіңіздің әлеуметтік мәртебеңізді egov.kz порталы арқылы тексере аласыз. Егер адам тізімде жоқ болса, растайтын құжаттардың тізімін жинап, ХҚО-ға тапсыруы қажет. Ақпарат мемлекеттік органдарға растау үшін жіберіледі және жеңілдік санаты берілгеннен кейін МӘМС жүйесінде «Сақтандырылған» мәртебесінде болады.
Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жүйесіндегі мәртебені fms.kz ресми сайтынан, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасынан, телеграмдағы Saqtandyrybot арқылы немесе eGov.kz электрондық үкіметтегі жеке кабинеттен көруге болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы