Энергетиктер марапатталды

146

Жетісу өлкесін жарықпен , жылумен қамтып отырған біршама кәсіпорындар жұмыскерлерін облыс әкімінің орынбасары Қанағатов Әсет Серікұлы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында салтанны түрде құттықтап, еңбегімен ерекшеленіп, облысымыздың өркендеуіне үлес қосқан  жұмыскерлерді марапаттады. Марапатталушылар легінде «ТАЭТК» АҚ, «Жетысу Энерготрейд» ЖШС, Текелі энерго кешені, Талдықорғанжылусервис кәсіпорны, Сарқан, Алакөл, Қарабұлақ, Панфилов, Көксу, Аксу аудандары жылу-су  сервис  кәсіпорын қызметкерлері бар. Әсет Серікұлы құттықтау  сөзінде облысымызда   энергетика саласының 44 кәсіпорны заман талабына сай дамып, қызмет көрсетіп жатқанын айтып, бұл салада қызмет етіп жатқан санының 4000-нан асатынын, жөндеу-пайдалану жұмыстары,  қайта-жаңғырту жұмыстары және  инвестицияларды тарифтерге айырбастау бағдарламасы ойдағыдай атқарылып жатқанын айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың әлі жалғасатынын хабарлады. Сөз соңында энергетиктерді төл мерекелерімен құттықтап  оларға апатсыз жұмыс істеп, 2023-2024 жылыту кезеңін апатсыз, табысты аяқтауды тіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз