Медициналық ұйымдар жаңа көлікпен толықты

327

Талдықорған қаласының орталық алаңында  Жетісу облысының медициналық ұйымдарына жаңа жедел жәрдем көліктерінің кілтін табыстау рәсімі өтті. Арнайы автокөліктердің кілтін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қолынан он үш аудандық және облыстық аурухана мен кардиологиялық орталық,көпсалалы балалар ауруханасы,психикалық денсаулық орталығы барлығы 29 медицина өкілдері алды. Бюджеттен бұл үшін 750 млн.теңге шамасында қаржы бөлінген болатын. Санитарлық автокөліктер оттегі баллондарымен,оттегі қысымын реттегіш құралдармен,инфуззиялық жүйеге арналған  бекіткіштері бар леер тұтқалармен,қолды зарарсыздандыруға арналған диспенсерлермен,роликті арбалармен және басқа да қажетті заттармен жабдықталған.Облыс әкімі Бейбіт Исабаев денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларына автокөліктердің кілттерін тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде халықтың денсаулығын нығайту, медициналық қызметтердің сапасын арттыру Мемлекет басшысының атқарушы органдардың алдына қойған басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

— Ұлттың саулығы – мемлекеттің саулығы. Сондықтан бұл мәселеге біз тұрақты назар аударып, әрдайым қолдау көрсетіп келеміз. Атап айтқанда, медициналық нысандар салуға, арнайы құрал-жабдықтар сатып алуға, кадрларды оқытуға қомақты қаражат жұмсалуда. Биыл жергілікті бюджет есебінен 3,6 млрд. теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынып, жабдықталу көрсеткіші 93%-ға жеткізілді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 87% болған. Сондай-ақ медициналық кадр тапшылығы проблемасын шешу үшін келесі жылдан бастап өңірге келген мамандарға 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады, — деді Б. Исабаев.

Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету және медициналық қызметтердің сапасын одан әрі арттыру үшін Жетісу облысында 67 жедел жәрдем бригадасы жасақталған (норматив – 10 мың тұрғынға 1 бригада). Шалғай аудандарда «103» бригадаларының уақтылы жетуі үшін қосымша 12 дислокация құрылды. «103» бірыңғай диспетчерлік қызметі» ұйымдастырылды. Ол облыстың түкпір-түкпірінен қоңыраулар қабылдайды. Тәулік ішінде келіп түсетін өтініш саны 2 мыңға дейін барады. Сондай-ақ «103» бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметінің базасында тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталық бар. Ондахалыққажоғарыбілікті медицина қызметкерлерікеңесбереді.

Еске салсақ, биыл «Жедел жәрдем» әлеуметтік-қайырымдылықжобасыаясындақайтарымсызнегізде «Samruk-KazynaTrust» корпоративтікқорыныңқолдауыменөңірдің 5 аудандықауруханасына «JAC Sunray 6C» маркалыжеделжәрдемкөлігіберілгенболатын.

Гүлжанат Нұршанова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз