Әр бастама жемісті болсын!

110

Тәуелсіздік – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан  тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына  – 32 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

1991 жылы 16 желтоқсанда әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған түбі бір Түркия елі. Тек бір ел ғана емес, барша әлем елдері мойындап, қолдау көрсетті. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз  екі жылда орындап, әлем жұртының алдында өзінің даңқты ел екенін мойындата білді.

Ұлт жанашыры  Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың ұлы сөзі: «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден».  Біздің болашақ ұрпақ шынайы патриотизм рухына еніп, қасиетті Тәуелсіздігімізді нығайту жолында еңбектену керек. Өз еңбек жолымда  30 мыңнан астам шәкірттерім, республиканың түкпір-түкпірінде медицина саласында жемісті еңбек етуде. Әр адам өз өмір жолында  ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Өз істеріне тиянақты, жылы сөз,  жаны таза, абзал ақ халатты мамандар медицина саласына өз үлестерін қосуда. Бұл – медицина қызметкерлерінің азаматтық парызы мен борышы деп санаймын.

Егемен еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен білдірген ыстық ықыласымды қабыл алыңыздар! Барша қазақ жұртына мықты денсаулық, әрбір отбасыға бақыт, сәттілік пен жетістік тілеймін! Берекелі ғұмыр, мықты денсаулық тілеймін! Әрбір бастамамыз жемісті болып, туған еліміздің көркеюіне септігін тигізе берсін!

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

                                                                                            Серік  Жансеңгіров,

                             ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК                                    директоры,  м.ғ.к.                                                                                                         

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз