Ел еркіндігі – ұлттық құндылық

113

-Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміздің тәуелсіздік алғанына –  32 жыл. Отыз екі жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл – атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Барша бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, туған жеріміз, еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін! Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалқытқан барша азаматтарға, әр отбасына татулық пен ырыс-береке, мемлекетіміздің игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін! Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін! Қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын!

                                                                                                                                                                                           Қайрат  Сарқытов,

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сайын Мұратбеков атындағы мектепте дейінгі шағын орталығы бар №9 орта мектеп»КММ  директоры

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз