Мәслихаттар депутаттарының сайлауы: өз сайлау учаскеңізді онлайн білуге болады

2026 жылдың 29 қарашасы күні Жетісу облысының мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтеді.

Облыс  тұрғындары дауыс беретін сайлау учаскесін қазірден бастап біле алады. Осы мақсатта ресми сайт, «Телеграм» чат-бот, арнайы сервис және мен iKomek бірыңғай байланыс орталығының қызметі қолжетімді.

Сайлау күні қиындық туындамас үшін тұрғындар сайлаушылар тізімінде өз мәліметтерінің бар-жоғын алдын ала тексеріп, дауыс беретін учаскесінің мекенжайын нақтылай алады.

Өз сайлау учаскеңізді мынадай тәсілдер арқылы білуге болады:

—                     https://sailau.e-zhetisu.kz/ — ресми сайты арқылы;

—                      «Telegram» желісіндегі https://t.me/sailau_zhetysu_bot чат-боты арқылы;

—                     арнайы сервис — https://sailau.gov.kz/ арқылы.

—                     «109» нөміріне хабарласып, iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы.

Сайлау күні учаскеңізге жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды алып баруыңыз қажет.

Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз