Ұлттық олимпиада комитеті Бейжіңге баратын спортшылардың толық тізімін жариялады, деп хабарлайды  Olympic.kz.-ке сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

 Олимпиадада ел намысын 34 спортшы қорғайды.

Шаңғымен жарысудан ел атынан екі ер адам және бес әйел адам сынға түседі.

Фристайл-могулдан бақ сынайтын спортшылар бүгін жарыс жолына шығады.

Шаңғы акробатикасынан Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева және Шерзод Хаширбаев Қазақстан намысын 10 ақпан күні қорғайды.

Тау шаңғысынан қазақстандық Захар Кучин слалом мен гигантты слаломда сынға түссе, әйелдер арасындағы слаломда Александра Троицкая 9 ақпанда жарыс жолына шығады.

Шаңғымен секіруден Сергей Ткаченко мен Данил Васильев Олимпиада жолдамасын иеленді, шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Ракпаровқа сенім артамыз. Ол аталған спорт түрі бойынша Олимпиадаға алғаш рет қатысып отырған қазақстандық ретінде тарихта қалмақ.

Биатлоннан Галина Вишневская-Шепоренко, Александр Мухин мен Владислав Киреевке жанкүйер боламыз. Конькимен жүгіру спортын 5 ақпанда тамашай аламыз.

Шорт тректен бес спортшы бақ сынайды. Олар да 5 ақпан күні жарыс алаңына шығады.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK