Көзге көрінбейтін қауіп: улы газдан қалай қорғануға болады?

Иіс газын көзбен көру немесе иісінен сезу мүмкін емес. Сондықтан пешті, жылыту жабдықтарын, мұржалар мен желдету арналарын қауіпсіз пайдалануды алдын ала қамтамасыз ету маңызды.

  Пештің зақымдануы, мұржадағы тартудың нашарлауы, күйенің жиналуы немесе ауа алмасудың жеткіліксіздігі иіс газының пайда болу қаупін арттырады.
 
  Жылыту маусымы басталар алдында және оның кезеңінде:
 
  пештер мен жылыту құрылғыларының жарамдылығын тексеру;
 
  мұржаларды күйеден тазарту;
 
  пешті қарап, жарықтар мен басқа да зақымдардың жоқтығына көз жеткізу;
 
  пештің алдына металл төсем орнату;
 
  электр сымдарының, розеткалар мен ажыратқыштардың жай-күйін тексеру;
 
  өрт хабарлағышын орнату;
 
  жылу көздерінің жанында киім мен басқа да тез тұтанатын заттарды кептірмеу.

  Пеште, мұржада немесе жылыту жабдықтарында ақаулар анықталған жағдайда мамандарға жүгініп, тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Ақауы бар құрылғыларды пайдалануға жол берілмейді. Сонымен қатар желдету арналарын бітемеу және бөлмеге таза ауаның жеткілікті түсуін қамтамасыз ету маңызды. Қорғанудың қосымша шарасы ретінде иіс газын анықтайтын автономды датчик орнату ұсынылады. Оны өндірушінің нұсқаулығына сәйкес орнатып, жұмысын мерзімді түрде тексеріп отыру қажет.

  Иіс газы бар деген күдік туындаған жағдайда дереу үй-жайдан шығып, таза ауаға шығу және 112 нөмірі арқылы шұғыл қызметтерді шақыру қажет. Бас ауруы, бас айналу, әлсіздік немесе жүрек айну белгілері байқалса, медициналық көмекке жүгіну керек. Есіңізде болсын, иіс газы түссіз әрі иіссіз болады. Қауіпсіздік пештің жарамдылығынан, мұржаның тазалығынан, ауаның еркін алмасуынан және қауіпті дер кезінде анықтаудан басталады.

Дереккөз: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты

Көзге көрінбейтін қауіп: улы газдан қалай қорғануға болады?

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз