Қазақстанда пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

3

2026 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда көрсетілген пошта және курьерлік қызметтердің көлемі 57,2 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға өсті. Оның ішінде 13,4 млрд теңге халыққа көрсетілген қызметтерге тиесілі.

Өңірлер бөлінісінде пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына – 58,7%, Астана қаласына – 13,2% және Қарағанды облысына – 3,2% тиесілі.

Ауылдық жерлерде есепті мерзімде көрсетілген қызметтердің көлемі 2,0 млрд теңгені құрады.

Пошта және курьерлік қызметтердің ең жоғары көлемі Алматы қаласында тіркелді – 33,6 млрд теңге. Одан кейін Астана қаласы – 7,6 млрд теңге және Қарағанды облысы – 1,8 млрд теңге.

Пошта және курьерлік қызметтердің негізгі түрлеріне пошта және арнайы жөнелтілімдерді, оның ішінде сәлемдемелерді, бандерольдерді және хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ курьерлік жеткізу қызметтері жатады.

 

Пошта және курьерлік қызметтер көлемі

млн. теңге

Пошта және курьерлік қызметтер көлемі, 2026 жылғы қаңтар-тамыз Оның ішінде Пошта және курьерлік қызметтер көлемі, 2025 жылғы қаңтар–тамыз оның ішінде
халыққа көрсетілген қызметтер халыққа көрсетілген қызметтер
Қазақстан Республикасы 57204,1 13421,1 56578,1 13555,7
Абай 464,6 223,1 468,1 242,6
Ақмола 823,5 273,1 905,0 336,4
Ақтөбе 1 248,4 543,9 1 158,5 483,4
Алматы 1 428,6 531,7 865,1 378,3
Атырау 634,5 347,5 696,2 289,3
Батыс Қазақстан 752,3 336,0 804,1 373,7
Жамбыл 937,3 680,3 852,2 599,2
Жетісу 596,9 180,5 484,8 167,7
Қарағанды 1 817,6 1 051,0 1 917,6 1 073,7
Қостанай 1 148,6 613,1 1 251,4 670,2
Қызылорда 745,3 93,5 577,5 93,2
Маңғыстау 690,8 274,1 737,8 290,1
Павлодар 876,5 295,9 951,0 342,0
Солтүстік Қазақстан 794,6 367,2 870,1 358,8
Түркістан 971,8 445,7 778,0 371,0
Ұлытау 126,9 25,4 114,1 26,6
Шығыс Қазақстан 1 065,7 475,1 1 100,6 460,2
Астана қаласы 7 563,7 1 598,2 7 742,3 1 543,3
Алматы қаласы 33 591,0 4 680,9 33 331,1 5 091,3
Шымкент қаласы 925,4 385,5 972,6 364,9

Тізімге оралу

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз