«Таза Қазақстан» — маңызды бастама

4

«Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болып, ел азаматтарын ортақ мақсатқа жұмылдырып отырған маңызды бастама. Бағдарламаның басты жетістігі – қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыруында. Бұл бастама әр азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтады. Таза аймақ – кездейсоқ қалыптаспайды. Ол тұрғындардың мәдениеті мен жауапкершілігінің нәтижесі. Әрбір отырғызылған көшет, әрбір жиналған қоқыс, табиғатты қорғауға бағытталған әрбір игі іс – болашақ ұрпаққа қалдырар баға жетпес мұра. Мемлекет басшысы «Әділетті, Қауіпсіз, Озық және Таза Қазақстанды құру – баршамыздың қастерлі парызымыз. Осы жолда бәріміз белсенді жұмыс істеуіміз керек»-деп атап өтті. Ендеше, «Таза Қазақстан» бастамасын баршамыз қолдап, тазалықты бір күндік шара емес, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналдырайық. Өйткені таза қала – әр азаматтың жауапкершілігі әрі елге деген жанашырлығының көрінісі.

Сабина Мұрат

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз