ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Селті» шекара бөлімшесінің қатардағы жауынгері Еркебұлан Ермекбаев мерзімді әскери қызметте аға нұсқаушы міндетін атқарып жүр.
Әскерге дейін ақпараттық технология саласында еңбек еткен жас сарбаз әскери ортаға тез бейімделіп, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен орындап келеді. Еңбегі үшін бөлім, басқарма және департамент басшылығы тарапынан бірнеше рет көтермеленді.
Қызметтік иті Рамормен бірге із кесу жұмыстарына дайындалып, кинолог мамандығының қыр-сырын меңгеруде. Тәртібі мен біліміне сүйене отырып, әскери қызметте тәжірибе жинақтап келеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























