Ел шебіндегі шекарашы маман

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Жетісу» шекара бөлімшесінің старшинасы, аға сержант Мақсат Калиев әскери қызметте мол тәжірибе жинақтаған мамандардың бірі.

Ол жылдар бойы есеп нөмірі, жүргізуші, бөлімше командирі, кіші бақылаушы, старшина, қойма бастығы және аға нұсқаушы қызметтерін атқарды. Қазіргі міндеті – жеке құрамның күнделікті қызметін ұйымдастырып, бөлімшенің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету.

Мақсат Калиевтің атсалысуымен «Жетісу» шекара бөлімшесі орталық жылыту жүйесіне қосылды. Бұл жұмыс әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайын жақсартып, қыс мезгілінде қызметтік нысандарды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Көп жылғы тәжірибесі мен жауапкершілігі аға сержантты бөлімшенің білікті мамандарының біріне айналдырды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз