ҚР Қорғаныс министрлігі әскери киім кию ережесіне өзгертулер әзірледі. Ведомство басшысының бұйрық жобасы талқылауға шығарылды,-деп хабарлайды  taldykorgan-online.kz. ақпараткөздеріне сілтеме жасап.

Бұйрық жобасын қабылдау құқықтық нормаларға сәйкес келтіруге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Әскери киім нысаны мен айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерін кию ережелерінің кейбір қағидаларын нақтылауға мүмкіндік береді, — делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ведомствоның атап өтуінше, жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық және өзге де салдарға әкеп соқтырмайды, қосымша қаржы қаражаты талап етілмейді. Бұйрықтың толық мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында танысуға болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK