Текелі қаласындағы «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында орналасқан 454-ші сайлау учаскесінде 92 жастағы тыл еңбеккері Валентина Вострикова Құрылтай сайлауына қатысып, дауыс берді.
Қазыналы қария өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Оның сайлауға қатысуы ел тағдырына бейжай қарамай, әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін айқындайтын өнегелі қадам саналады. Аға буын өкілінің белсенділігі жас ұрпақты отансүйгіштікке, жауапкершілікке және ел болашағына жанашырлықпен қарауға үндейді.
Ел көлемінде өтіп жатқан ауқымды саяси науқан барысында азаматтардың өз құқықтарын пайдалануы қоғам бірлігін нығайта түседі. Мемлекет тарапынан әрбір сайлаушының, соның ішінде ардагерлер мен қариялардың өз еркін еркін білдіруі үшін барлық жағдай жасалған.




























