Алдағы Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі деп есептеймін. Бұл – әр азаматтың өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты пікірін білдіруге мүмкіндік беретін жауапты кезең. 23 тамызға тағайындалған сайлау барысында халық өз таңдауын жасап, елдің алдағы даму бағытына өз үлесін қоса алады.
Меніңше, мұндай маңызды саяси науқанға бейжай қарамау – әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі. Ең бастысы, сайлауға саналы түрде қатысып, әркім өз таңдауын ойланып жасауы керек. Себебі әрбір дауыс маңызды. Құрылтай халықтың үні естіліп, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеруге ықпал ететін маңызды институт болады деп сенемін.
Рүстем Берік, қала тұрғыны




























