Құрылтай сайлауы – ел өміріндегі маңызды саяси науқандардың бірі. Меніңше, әр азамат бұл үдеріске бейжай қарамай, өз таңдауын жасап, елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіруі қажет. Себебі халықтың пікірі мен таңдауы – қоғамның дамуына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Құрылтайдың басты ерекшелігі – қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың ұсынысы мен пікірін жеткізуге мүмкіндік беретін алаң болуы. Сондықтан сайлауға қатысу – тек дауыс беру ғана емес, ел дамуына өз үлесіңді қосу деп түсінемін.
Жадыра Арыстанбек, қала тұрғыны

























