23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл науқан азаматтардың ел тағдырына қатысты шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды саяси қадам саналады. Сайлауға жеті саяси партияның қатысуы Қазақстандағы саяси бәсекелестіктің нығайып, демократиялық институттардың біртіндеп дамып келе жатқанын көрсетеді. Бұл саяси күштердің өзара бәсекеге түсіп қана қоймай, халықтың сеніміне ие болу жолында нақты ұсыныстар мен бағдарламалар ұсынуына жол ашады. Құрылтай депутаттарының сайлауы – жай ғана кезекті саяси науқан емес. Бұл – елдегі саяси реформалардың жалғасып жатқанын көрсететін маңызды кезең. Мұндай өзгерістер мемлекеттік басқару ісіне азаматтардың кеңінен қатысуына мүмкіндік беріп, ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделген қоғам қалыптастыруға қызмет етеді.
Аслан Берекеұлы, қала тұрғыны

























