Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл – әр азаматтың өз таңдауын жасап, елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсететін маңызды мүмкіндік. Осындай маңызды науқанға қатысу арқылы біз қоғамдағы өз ұстанымымызды білдіріп, ортақ іске үлес қосамыз. Құрылтай құрамына халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, елдің дамуына нақты үлес қоса алатын азаматтар сайланады деп сенемін. Сондықтан әрбір тұрғын сайлауға жауапкершілікпен қарап, өз таңдауын жасауы қажет. Өйткені еліміздің ертеңі мен қоғамның дамуы әрқайсымыздың бүгінгі белсенділігімізге де байланысты.
Айжан Тоқтамыс, қала тұрғыны





























