Тұтынушылар құқығын қорғау

332

Баспасөз мәслихаты алаңында ҚР СИМ Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еділ Зайтбеков пен «Жетісу облысы тұтынушылар құқықтарын қорғау» ҚБ төрағасы Амир Газалиев «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң жобасының жаңа нормаларымен бөлісті.

Аталмыш Заң жобасы жуырда  Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-шы отырысында берілген тапсырмасы бойынша әзірленіп, Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес Парламент Мәжілісіне енгізілген болатын. Заң жобасында Үкімет, мемлекеттік органдар, сот, қоғамдық және соттан тыс институттарды қамтитын тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің субъектілерін анықтау ұсынылады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институтына оның қызметінің принциптері, кепілдіктері, функциялары және соған байланысты шектеулер, өтініштерді қарау және оны тағайындау тәртібі қамтылған жеке тарау арналатын болады. Мерзімі өтіп кеткен тауарлар, сапасыз көрсетілген қызмет, жөнсіз жоғарылатылған бағаға қатысты мәселелер департаменттің жіті қадағалауында. Мекемеге 417 өтініш түсіп, оның 167-сі оңды шешімін тауып, тұтынушыларға жалпы соммасы  9 706 000 теңге  кайтарылған. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз