Жылу энергиясын тұтынушылардың назарына!

2

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 24 шілде күні сағат 11:00-де Ұлттық жоба шеңберінде жылу энергиясын беру және тарату қызметтеріне арналған тариф жобасы мен инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ-нің «Талдықорғанжылусервис» ШЖҚ КМК өтінімін қарау бойынша жария тыңдау өткізеді.

Жария тыңдауға қала тұрғындарын және өзге де мүдделі тұлғаларды, ПИК өкілдерін, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қатысуға шақырамыз.

Жария тыңдау келесі мекенжайда өтеді: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 272, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалының ғимараты.

«Талдықорғанжылусервис» ШЖҚ КМК әкімшілігі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз