Республика күні 2022 жылдан бастап «Ұлттық мереке» мәртебесімен еліміздің басты мейрамы ретінде аталып өтуде.
Бұл күн – бүкіл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыруға елеулі үлес қосатын күн болып анықталуда. Саяси бағыт-бағдар, үдемелі үдерісі бар Қазақстанда жастарға білім алу, техникалық өндірістерге шығармашылық таныту, кәсіпкерлікке бағдарлану үшін түрлі мүмкіндіктер қарастырылуда.
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы мемлекеттің жас мамандарын әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерден жұмыс ұсынады. Көтермелеу жәрдемақысы, тұрғын үй сатып алуға мөлшерлемесі төмен бюджеттік несие беріледі.
Бұдан бөлек, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы мақсатты түрде түлектерді алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жұмысқа орналастыруды қарастырады. 12 айға дейін жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындары меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады.
«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» — техникалық және кәсіптік білімі бар (ТжКБ) кадрларды даярлау, алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алуға жағдай жасау. Бағдарламаға қатысушы-жастарға мемлекеттік қаражат есебінен оқу ақысын төлейді, бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етеді, стипендия төлейді, оқу орнына дейін жол жүру үшін қаржы бөлінеді. Бұл үлкен мүмкіндік. Сол секілді «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы- жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларға бірінші жұмыс орнында қажетті еңбек дағдыларын беру мақсатында жүргізіледі.
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы , «Бастау Бизнес» бағдарламасы тағы да басқалары мемлекет тарапынан жастарды қолдау мен демеуге арналған бағыттар. Өйткені, Жаңа Қазақстан құрудағы еліміздегі индустриалды-инновциялық дамудың дербес даңғылын құруда жастар ресурсы өте қажет етіледі. Бүгінгі жастар ертеңгі білікті мамандар еліміздің экономикалық қуатын күшейтіп, тамырын тереңдету үшін заманауи талапқа сай өнімді күштердің жаңа құрылымын қалап, елдің келешегін кемелдендіреді деген сенімнің барында болуда. Ол әлемдік экономикадағы еншімізді еселеп, даму бағытын ширатуда мағызды рөл атқарады. Отандық тауарларды өндіруде жастарымыз «Ереуіл атқа ер салып, елім деп өткен талай мықта қазақ ерлердің ерлік жолдарымен соқтықпалы соқпақжолдарда сағы сынбаған, еңсесі түспеген рухымен шабыттанып, аянбай халқына еңбек етсе, игіліктер арта түсетіні сөзсіз. Сөзімнің соңында халқымыздың «жақсы сөз – жарым ырыс» деген жастардың өсуі мен шыңдалуында шетте қалмай бірлесе ықпалдасайық дегіміз келеді. Іргесі берік, жастары рухты еліміздің ұлттық мерекесі Республика күні құтты болсын! Отанды ұлықтау, отбасын сақтау, достыққа адалдық, уәдеге беріктік, еңбекке табандылық, қиындыққа төзімділікпен маңдай термен тапқан тәтті нанның дәмі ұғымымен бекісін деген тілек білдіреміз.
Гүлниса Тұлымшақова,
Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты