Егемендік іргесі берік болсын!

229

1990 жылғы 25 қазанда «Қазақ КСР  Мемлекеттік Егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Декларацияға сәйкес, республика маңызды мәселелерде – әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық құрылыста шексіз егемендікке ие болды.

Декларация Қазақстанның әлемнің басқа мемлекеттерімен экономикалық, саяси және мәдени қатынастарды дербес дамытуға құқығы бар екенін жариялағанда басындағы бөркін аспанға ата қуанбаған жан қалмаған шығар. Сондықтан да, декларация мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуге, нақты әрі ірі қадам болғандығы сөзсіз. Республика күні өз маңыздылығымен ерекше. Мемлекет басшысының бастамасымен  ортамызға қайта оралды. Былтыр алғаш рет тойладық. Ұлттық мереке құтты болсын. Береке-бірлік, ашық аспан, тыныштық болсын!

                                                                                                     Мария Ботаева,

                                  Бақтыбай Жолбарысұлы  атындағы №18 ота мектеп – лицей

                                                                                 кітапханасының меңгерушісі

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз