Барша қазақстандықтарды айтулы мереке Республика күнімен құттықтаймын! 25 қазан- еліміздің тамыры терең тарихындағы ең маңызды күндердің бірі, себебі, бұл күні 1990 жылы еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы күннен бастап еліміз жаңа өзгерістерге бет бұрып, ширек ғасырдан астам уақытта талай биік белестерді бағындырды!
Қазақстанның бағдарлы болашағының тірегі жастар болса, оларды тәрбиелеп, білім нәрімен сусындату ұстаздар мен ата-ананың қолында. Сондықтан осы күнде ұстаздар мен ата-аналарға зор денсаулық пен бақыт тілеймін, сіздер еліміздің кемел келешегі жастарға бағыт-бағдар көрсететін маңызды жансыздар! Еліміз өсіп-өркендей берсін, жастарымыз еліне ерен еңбек сіңіріп, көк Туымызды жаһандық деңгейде желбіретуіне тілектеспін. Аспанымыз әрдайым ашық, болашағымыз жарқын әрі бағдарлы болсын!
Ізгі ниетпен, 2021 жылғы Талдықорған қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Амина Маликаждар