Еліміздегі барлық мемлекеттік мектептерде, оның ішінде «Келешек мектептерінде» де, 1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасуда.
Өтінішті OQU ұлттық білім беру платформасы (oqu.edu.kz), eGov электрондық үкімет порталы арқылы немесе білім беру ұйымына тікелей барып, қағаз түрінде беруге болады.
«Келешек мектептеріне» қабылдау кезінде мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын балалар басым құқыққа ие. Сонымен қатар, бос орын болған жағдайда ата-аналар (заңды өкілдер) кез келген мемлекеттік білім беру ұйымына өтініш бере алады.
Өтініш беру үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі болуы қажет. Тұрғылықты мекенжай мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы расталады.
1-сыныпқа қабылдау үшін қажет құжаттар:
• баланың 3×4 көлеміндегі фотосуреті;
• профилактикалық егу картасы (№ 065/е нысаны);
• баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/е нысаны);
• психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін).
Мектепалды даярлықтан (0-сынып) өткен білім алушылар ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші негізінде 1-сыныпқа қабылданады.
Қабылдау мерзімі Жетісу облысында:
27 мамыр — 31 тамыз.
Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет ресурсы.





























