ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында әскери борышын абыроймен өтеп жүрген сарбаздардың бірі – қатардағы жауынгер Ерғали Советхалый тәртіпті қызметімен қатар, спорттық жетістіктерімен де ерекшеленіп, «Үздік спортшы» атағына ие болды.
Жас сарбаз әскери қызмет барысында жоғары жауапкершілік пен табандылық танытып, дене даярлығы мен спорттық сайыстарда үздік нәтижелер көрсетті.
Ерғали Советхалыйдың жетістігі – әскери тәртіп пен спортты қатар алып жүрудің, мақсатқа деген жігер мен тынымсыз еңбектің жарқын үлгісі.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























