Жетісулық әскери журналист «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

2

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің әскери журналисі, подполковник Манарбек Қарекенов Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Марапат әскери журналистің ақпарат саласындағы көпжылдық еңбегі, кәсіби шеберлігі және шекарашылар қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауға қосқан үлесі үшін табысталды.

Бұл марапат – әскери журналистің ақпарат саласындағы кәсіби еңбегі мен шығармашылық ізденісіне берілген жоғары баға.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз