ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің құрылған күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында департаменттің қалыптасу тарихы мен қызметтік жетістіктері атап өтілді. Мемлекеттік шекараны күзету жолында адал қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілерге құрмет көрсетілді.
Салтанатты шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























