ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінде оқу және әскери даярлық барысында үздік нәтиже көрсеткен сарбаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында әскери тәртіпті сақтауда, оқу бағдарламаларын меңгеруде және жауынгерлік даярлықта ерекше көзге түскен сарбаздарға марапаттар табысталды.
Аталған шара жас сарбаздардың әскери қызметке деген жауапкершілігін арттыруға және оларды алдағы уақытта жоғары нәтижелерге жетуге ынталандыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























