Алакөл ауданында оқу үдерісінің аяқталуына арналған салтанатты шара өтті

2

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінде оқу үдерісінің аяқталуына арналған салтанатты шара өтті.

Іс-шара барысында оқу кезеңінің қорытындысы шығарылып, жас сарбаздардың әскери даярлық барысында меңгерген білімі мен дағдылары атап өтілді. Сонымен қатар, оқу үдерісінде үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер марапатталды.

Салтанатты шара жас сарбаздардың алдағы әскери қызметіне жауапкершілікпен қарап, Отан алдындағы міндеттерін абыроймен атқаруға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз